Шалғайдағы ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін көліктік медицина ұйымдастырылды. Республикада диагностикалық қызметтер мен мамандардың кең бейінін ұсынатын 150 жылжымалы медициналық кешен мен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жұмыс істейді. Жыл сайын ауылдың 1,5 млн. астам тұрғыны қамтылып, 300-ден астам медициналық қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар, 2022 жылы ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексерулер енгізілді. Туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі «Балалар», 18 жастан бастап 29 жасқа дейінгі «Жастар», 30 жастан бастап 44 жасқа дейінгі «Еңбек-1», 45 жастан бастап 65 жасқа дейінгі «Еңбек-2» және 66 жастан асқан «Зейнеткер» сияқты санаттар бойынша нысаналы топтар анықталды. Тексерілген 838 мың ауыл тұрғынынан 29 мыңға жуық адам динамикалық бақылауға алынды, оларда жоғары қан қысымы, қант диабеті, бүйрек патологиясы белгілері анықталды.

Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін 2022 жылы денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі қайта қаралды. Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін өткен жылы 107 МСАК объекті пайдалануға берілді.

Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмекті жақсарту үшін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауылдағы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға арналған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылуда.

Қазіргі уақытта өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп 655 МСАК объектісінің құрылысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде 253 – медициналық пункт, 160 – дәрігерлік амбулатория және 242 – фельдшерлік-акушерлік пункт, сондай-ақ 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы жаңғырту.

Бұл ауруханаларда инсульт және кардиология, ПИК орталықтары, реанимация және қарқынды терапия, аз инвазивті хирургия, травматология және оңалту бөлімшелерін ашу жоспарлануда. Сондай – ақ КОАА-ны заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыру, оның ішінде-КТ, МРТ, ангиограф, сараптамалық сыныптағы УДЗ, медициналық оңалтуға арналған эндоскопиялық, реанимациялық жабдықтар және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген.

БӨЛІСУ