Медицина қызметкері күні қарсаңында дәстүр бойынша денсаулық сақтау саласының қызметін қорытындылаймыз, онда бүгінде 79 мың дәрігер және 200 мыңға жуық орта буын мамандары жұмыс істейді.
Пандемиядан кейінгі кезеңде денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын қалпына келтіру қиындықтарына қарамастан, қазақстандықтардың денсаулығының кейбір негізгі көрсеткіштері айтарлықтай оң өсуді көрсетеді.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет халықтың өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасқа жеткенінен бастайық. Бұл ретте денсаулық сақтаудың медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің негізгі жетістіктері пандемияға дейінгі кезеңнен асып түсті.

2019 жылмен салыстырғанда халықтың жалпы өлім-жітімі 6%-ға төмендеді, оның ішінде қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 5%-ға, обыр – 13%-ға, тыныс алу ағзаларының ауруларынан болатын өлім-жітім 24%-ға, туберкулезден болатын өлім-жітім 30%-ға төмендегені байқалады. Сондай-ақ, нәресте өлімінің 8%-ға төмендеуі байқалады.

Бұл нәтижелерге ел басшылығының денсаулық сақтау жүйесіне үнемі назар аударуының арқасында қол жеткізілгенін атап өткен жөн.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2027 жылға қарай денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру деңгейін ЖІӨ-нен 5%-ға дейін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі денсаулық сақтау шығыстарының үлесі 2019 жылғы 3%-дан 2022 жылы 3,7%-ға дейін өсті.

БӨЛІСУ