Өткен жылы Қазалы ауданы әкімдігінің қолдауымен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бастау алған “Жастар керуені” биылғы жылы да жалғасын тапты. Жуырда ғана аудан орталығы Әйтеке би кентінде салтанатты ашылу рәсімі өткен шара Өркендеу ауылдық округінде өтті.

Жобаның мақсаты – ауыл жастары мен қала жастар арасында байланыс орнату, “Tulga bol” жастарды әлеуметтендіруге бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламаларды тиісті сала қызметкерлері ауылдарға барып түсіндіру, жазғы мезгілде ауылдық округтерде жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу. Мұнан бөлек әрбір ауылда ұлттық салт-дәстүр, ұлттық спорт, түрлі шараларды өткізу. Жанкент ауылында таңнан басталған жоба аясында кешке дейін келіндер сайысы, жігіттер сайысы, ұлттық спорт түрінен жарыстар өтті. Шара соңы кешкілік гала концертпен қорытындыланды.

Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов шараға арнайы барып, жобаның мақсатын түсіндірді. Сондай-ақ, сайысқа қатысқан жеңімпаздарды “Алғыс хатпен” марапаттады. Мұнан соң ауыл халқы аудан және ауыл өнерпаздарының өнерін тамашалады. Артынша Дәурен Оңғарбайұлы ашық аспан астында жастармен бейресми кездесу өткізіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Айта кетейік, Жанкент ауылына аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетовпен бірге “Аmanat” партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, Өркендеу ауылдық округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбілов, жас депутат Есет Табынбаев және бірқатар сала қызметкерлері болды.

БӨЛІСУ