«Өмірге қатысты реформаны заң реформасынан бастау керек» деген екен француздың белгілі әдебиетшісі Адриан Гельвеций. Бұл қоғамдағы кез келген өзгерістің күретамыры заң екенін аңғартса керек. Дамыған мемлекеттердегі оң өзгерістің негізгі формуласы да осыған ұқсас. Біз үлгі ететін өркениетті елдердің көпшілігі за­ мана көшіне сауатты заң мен са­ палы қызметтің арқасында жеткен. Қазақстанның сот жүйесі елдегі жалпы жағдаймен қатар өзгеріп келеді. Тәуелсіздік алғаннан бері сот жүйесі ескі кеңестік сарқын­ шақтардан арылды, қолданысқа жаңа институттар енгізілді, жаңа заңдар қабылданып, судьялар кор­пусының тиімді қызмет етуі үшін тәуелсіз сот жүйесінің қағидаты­ на негізделген база қалыптасты. Отандық соттың өткені мен бүгінін таразылағанда бұған көз жеткізу қиын емес. Бұл саладағы әрбір жаңа бастама, жаңа реформаның қоғам үшін өзектілігі зор. Мәсе­ ленің түп­тамырына үңілген ел Президенті Қасым­Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауында заң мен тәртіпті қамтамасыз етудің негізі ретінде заң үстемдігі мен са­ палы сот төрелігін атады.

«Сот реформасы – бұл құқықтық мемлекеттің маңызды критерийі, инвестициялық тартымдылықтың негізі, жекеменшік құқығын қор­ ғауды қамтамасыз ету. Сот жүйесін реформалаудың жаңа тәсілдері судьялардың тәуелсіздігін одан әрі

нығайтуды, қоғамның соттарға де­ ген сенімін арттыруды, сот төрелі­ гін іске асыруға жаңа кәсіби кадр­ ларды тартуды ынталандыруды, сот процесінің ыңғайлылығы мен тиімділігін көтеруді қамтамасыз етуі тиіс», – деген Президент сөзі сот жүйесіндегі негізгі бастамаларды ары қарай жалғастырып, саланың жандануына жол ашты.

Саладағы реформаның сәтті болуы IT қызметін қолданудағы белсенділікке байланысты. Элек­ трондық қызмет сот пен судья жұмысына төңкеріс жасады. Судья­ ларға істердің компьютер арқылы бөлінуі, сот ісін дыбыс­бейнежа­ зу құрылғылары арқылы жүргі­ зу, куәларды қашықтан тыңдау­ дың мүмкіндігі – жаңа технология жетістігінің бір бөлшегі ғана. Элек­ тронды сервистер сот ісін жүргізуді едәуір жеделдетіп, сот жүйесінің ашықтығын арттырды. Сондай­ақ, азаматтар шығынын азайта оты­ рып, сот процесіне жылдам қол жеткізуге септігін тигізді.

Бұл жаңашылдықтың тағы бір тоқталатын ерекшелегі – ІТ тех­ нологиясы сот пен тараптар ара­ сындағы тікелей байланысқа жол бермейді. Азаматтар құжатын «Сот кабинеті арқылы жолдап, өзін қы­ зықтырған сауалдарға осы мобиль­ ді қосымшаның көмегімен жауап алатындықтан жең ұшынан жалға­ судың, сыбайлас жемқорлықтың жолы кесілді. Осылайша жаңа технология жемқорлық сияқты жегіқұрттың себебімен емес, сал­ дарымен күресіп, кемшілікті жоюға ықпал етті. Сот жүйесіндегі IT қыз­ меттердің мақсаты – азаматтар мен соттар арасында тиімді коммуника­ ция құру, іс жүргізу кезінде туын­ дайтын қиындықтарды болдырмау, қоғам тарапынан соттарға деген сенімді арттыру. IT технологиялар­ ды пайдалану сот ісін жүргізудің әдеттегі процесіне жұмсалатын уақытты едәуір қысқартуға мүмкін­ дік берді.

Сот жүйесіндегі реформалар процестердің ашық болып, судья жүктемесін реттеуге негіз қалады. Әсіресе, эксаумақтық соттылықтың тәжірибеге енгізілуі бұл мәселеге түбегейлі нүкте қойып, қала, облыс пен аудандық соттағы судьялардың деңгейлес жүктемемен жұмыс істе­ уін қамтамасыз етеді деп сенеміз.

Р.АЛДАМБЕРГЕНОВ,

Сырдария аудандық сотының төрағасы

БӨЛІСУ