Судья – сот жүйесіндегі басты тұлға. Судьяларға зор мәртебе беріле отырып, оған жүгі ауыр жауапкершілік пен талап жүктелген. Қалыптасқан тәртіп бой- ынша бүгінде елімізде судьялыққа үміткерлер барынша қатаң таңдаумен бір- неше сатылы іріктеуден өтеді. Жауапкершілігі мол қызметке тек мықты деген азаматтар ғана тағайындалады.
Судья болу терең білім мен алғырлықты, кемеңгерлікті жауапкершілік пен төзімді талап етеді. Себебі, ол адамдардың тағдырын ше­ шеді, даулар туғызатын істерді қарайды. Қай санаттағы істер болмасын судья тараптарға бірдей көзқараспен қарап, істі заң шеңберінде шешеді.
Өркениетті елдерде қалыптасқан өлшем­ дер бойынша сот төрелігінің әділдігі және ашықтығы елдің жарқын болашағы. Заңы үстем елдің келешегі кемел. Сондықтан, әділдіктің жаршысы болып саналатын судьялардан ел адалдық, шынайылық, әділетті шешім талап етеді.
Бабаларымыз: «Билік айту – оңай, біліп айту – қиын» деп, дауларға төрелік етудің қан­ шалықты ауыр, әрі жауапкершілігі мол екенін меңзеген. Әділдік жолымен жүру, әділ шешім қабылдау – әр судьяның басты парызы. Бұл ретте судьяның адамгершілік бейнесі арқылы елдегі сот жүйесі туралы қоғамдық пікір қа­ лыптасады. Сот төрелігіне сенімді күшейту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолында басты тұлға болып табыла­ тын судьялардың білімі мен біліктілігін үнемі жетілдіріп отыру аса маңызды. Сонымен қатар, судья өзінің міндеттерін атқаруы кезінде және күнделікті өмірде, қызметтен тыс кезінде де моральдық және этикалық әдеп өлшемдерін сақтап, судьяның абырой­-беделіне нұқсан кел­ тіретін әрекеттерден бойын аулақ ұстауы тиіс.
Мұның бәрі Судья әдебі кодексінің талап­ тарында көрсетілген. Судьялардың қызметтегі және қызметтен тыс уақыттағы мінез­құлқы әдеп кодексінің талаптарымен қатаң бекітілген. Соған сәйкес, судья кәсіби міндеттерін атқару кезінде және жұмыстан тыс уақытта әдеп қағи­ даларын сақтап, жоғары рухани принциптерді қатаң ұстанады.
Судьялық әдеп кодексінің талаптарын сақтаған судья әділетті шешім қабылдайды. Ол судья құқықтық қоғамның қалыптасуына, аза­ маттардың құқықтары мен бостандықтарының және заңды мүдделерінің қорғалуына, заңның үстем болуына ықпал етеді.
Судьялардың қызметі жазалау ғана емес, даулар бойынша азаматтарды өзара келісімге шақыру. Бүгінде елімізде сот жүйесінде татула­ стыру рәсімдері азаматтарды бітімге келтірудің маңызды тетіктері ретінде жүзеге асырылуда. Татуластырушы­судьялар татуластыру рәсім­ дері қолданылатын санатқа жататын даулар бойынша сотқа жүгінген азаматтарға татула­ стыру рәсімдеріне қатысу құқықтарын түсін­ діреді.
2022 жылы Азаматтық процестік кодекске өзгерістер енгізіліп, сотқа дейінгі хаттама ин­ ституты пайда болды. Оның ерекшелігі, дау бойынша тараптар өзара дәлелдемелермен алмаса алады. Уақыт үнемдеу, материалдық шығынды болдырмау және мемлекеттік бажды қайтару да сотқа дейінгі хаттама жасаудың басты артықшылықтары.
Қазақ даласында дауларға төрелік етіп, қара қылды қақ жарып, әділ шешімін айту дәстүрі ертеден келе жатыр. Халқымыз ежелден­ақ орақ тілді би­шешендерді қадірлеп, қастер­ лей білген. Қазақ қоғамында жерге, жесірге, жетімге, құнға қатысты даулар көптеп кезде­ скен. Адамдар өзара дауласып, келісімге келе алмағанда, билер сотына жүгінген. Шешімі жоқ деген қиын даулардың өзін дана бабаларымыз тобықтай түйінді сөзбен шешіп, әділ тұжы­ рымын айтқан. Абыз ақсақалдардың сабырға шақырған дана сөздерінен соң, араздасқан азаматтар өзара келісімге келген. Мұның өзі қазақ халқының дүниетанымында аталы сөзге тоқтау, үлкендерді сыйлау құндылықтарының қай кезде де биік тұрғанын көрсетеді.
Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған әрі тұрақты қоғам. Қа­ зақстанның алға қойған мақсаты дәл сондай қоғам құру. Бұл ретте судьяларға қойылатын талап қашан да жоғары. Қазіргі таңда еліміздің сот жүйесіндегі әр судья осы талаптың үдесінен шығып, азаматтардың құқықтары мен бостан­ дықтарын қорғау, әділ қоғам құру жолында еңбектенуде.
Қазақстанда дербес сот билігі қалыптас­ қан. Судьялардың қоғам қажеттілігіне сай сот төрелігін жүргізу жауапкершілігі, кәсіби дең­ гейі мен қызмет этикасы нормаларын сақтауы еліміздегі сот жүйесінің ашықтығы мен судья­ лардың әділдігін көрсетеді. Қорыта айтқанда, сот билігінің абыройы мен беделі әділдікті ту еткен терең білімді судьялардың сот төрелігін жүзеге асыруымен айқындалады.

Телжан ЖҮСІПОВ, Байқоңыр қалалық сотының төрағасы

БӨЛІСУ