Мас күйінде көлік басқарған Төреғали Төреәліні полицейлер күштеп тоқтатты.

Танымал әнші Төреғали Төреәлі Алматыда мас күйінде көлік айдап келе жатқан жерінен ұсталды. Ғаламторда тараған видео желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әлеуметтік желіде тараған видео көптің қызу талқысына түсті. Онда полицейлердің ер адамды жерге жатқызып, тыныштандырып жатқанын көруге болады. Ал мас жүргізуші оларға айқайлап жатыр.

Куәгерлер жерде жатқан азаматтың белгілі әнші Төреғали Төреәлі екенін айтуда. Мас жүргізушінің кесірінен қала көшесінде ұзан-сонар кептеліс пайда болған.  Полиция департаменті әзірге бұған қатысты жауап берген жоқ.

 

 

 

БӨЛІСУ