Бүгін Қызылорда облыстық мәслихатының Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа депутаттар А. Абибуллаева, І.Тілеп, Ж.Нұрымбетов, С.Мұстафа, Ж.Ембергенов, Қ. Ерназаров, Ә.Шаймағамбетов, Н. Әмитов, Н. Бақытбекұлы, Д. Жұмбеков, М.Ниязов, Б.Базарбаев, Н.Ибраев, М. Ниязов, А. Оңғарбаев, О. Төлепов, Е. Искендер, Н. Имандосов, А. Рахметов, М. Нәлібаев, Қ. Сақтағанов және облыстық басқарма басшылары және тиісті сала мамандары қатысты.
2022 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебін талқылау барысында депутаттар ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бойынша ірі қара малын өсіруге бөлінген субсидия туралы мәселені көтеріп, субсидия берілу кезінде арнайы талдау жасалып, шаруасын енді бастап келе жатқан қарапайым халыққа ыңғайлы болуы үшін бір жүйеге түсіру керектігін ұсынды. Сондай-ақ, бау-бақша өнімдерін өсіру азық-түлік бағасының тұрақталуына қаншалықты ықпал ететіндігі талқыланды.
Ал энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша облыс көлеміндегі атқарылған жұмыстармен танысқан депутаттар шалғай жердегі ауылдарға инфрақұрылым тартып, жергілікті халықтың жағдайын жақсарту кезек күттірмейтін мәселе екендігін назарға алуды сұрады.
Сонымен қатар, күрделі жөндеу мен құрылысын бастау жұмыстарын жүргізуге келгенде барлық жағдайдың ескерілуі тиіс екендігін және құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының есебі бойынша әлеуметтік нысандарды тиімді пайдалану, халық саны мен қажеттілігіне қарай құрылысын жүргізбеу салдарынан бос тұрған ғимараттардың көбейіп кеткендігін айтты.
Күн тәртібі бойынша білім, денсаулық сақтау, қоғамдық даму, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, мемлекеттік сатып алу, экономика және қаржы, бақылау жөніндегі басқармаларының 2022 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептерін тыңдап, алдағы жылғы жоспарға өз ұсыныстарын жеткізді.

БӨЛІСУ