Бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов бастаған партиялық бақылау тобының өкілдері Жаңақорған ауданында болып, құрылыс нысандарын аралады.

Мұнда Жаңақорған кентіндегі Май бекеті мөлтек ауданындағы 300 орындық мектеп құрылысымен танысты.

Білім ордасының құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған болатын. Мердігер мекеме «ҚазқұрылысСервис» ЖШС құрылыс монтаж жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастыра алмай, жауапсыз болып танылды және құрылыс нысанының пайдалануға беру уақыты 2022 жылға өткізілді. Мұнан соң құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жоба-сметалық құжаттамаларына қайта өзгерістер жүргізіліп, мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы «Мұнайқұрылыс» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда құрылыс монтаж жұмыстарының 90% аяқталып, сыртқы абаттандыру жұмыстары, ішкі әрлеу жұмыстары, құрал-жабдықтарды жеткізу және орнату жұмыстары жүргізілуде. Жаңа оқу жылына дейін пайдалануға берілетін болады.

Мониторинг барысында партия филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов мердігер компания басшылығына халық алғысанан артық ештеңе жоқ екенін атап өтіп, мектептің сапалы, әрі уақытылы бітіуі қатаң бақылауда тұрғандығын жеткізді. .

Бақылау тобы құрамына аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Сопбеков, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитовте қатысты.

БӨЛІСУ