Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың журналистерге берген «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз коференциясын көріп, толық таныстым. Сыр өңірінде жүзеге асырылып жатқан тың жобалар туралы 1 сағаттан аса тікелей эфирде толық айтып, журналистердің сұрақтарына да толымды жауап берді.

Аймақ басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта қолға алынатын жобалар туралы баяндап, маңызды міндеттерге тоқталды. Бастысы негізгі көрсеткіштер ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, өңдеу өнеркәсібі, тұрғын үйді пайдалануға беру, көлік, сауда және құрылыс жұмыстарының барлығында өсу процесі болғындығы мені қуантты.

Бүгінде, Мемлекет басшысының қолдауының арқасында сыр өңірінде жүзеге асып жатқан жобалар нәтижесінде, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы уақытта облыс бойынша 21 мектеп салынса, аудан орталығында 1 мектеп бой көтермек. Бұл болашақ балаларымыз үшін үлкен қуаныш! Сонымен қатар, Мемлекет басшысы туған жеріне жанашыр кәсіпкерлерді елдің экономикасын дамытуға үлес қосуға шақырғандығы баршаңызға мәлім. Осы орайда, Нағи Ілиясов ауылында құны 450 млн. теңге болатын «Еңбекшілер паркі» бой көтерді. Ауданымызда ауыл шаруашылық саласы, елді мекендерді газдандыру және жол жөндеу жұмыстары да бір жолға қойылған. Аймағымыздың қарқынды серпілісіне қосқан үлесі мен туған жеріне жанашырлық танытып, оның өсіп гүлденуіне қосып жүрген азаматтарға да алғыс білдіргім келеді.
Қорытындылай келе, облысымызда әлеуметтік – экономикалық дамуымен қатар, тұрғындарымыздың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасалғандығын айтқым келеді.
Республика бойынша көш басында тұрған Сыр өңірінің халқын Алла Тағала ынтымақ-бірліктен айырмасын!

Мұса КЕЛДІБАЕВ
Сырдария аудандық ардагерлер
Кеңесінің төрағасы,

БӨЛІСУ